RU
"Ол жерде әкем жатыр": Танымал актер бейіт басына концерт қойғандарға реніш білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ол жерде әкем жатыр": Танымал актер бейіт басына концерт қойғандарға реніш білдірді

Рассказать Вконтакте

"Әзіл әлемі" театрының актері Ерболат Төлеген Шалқар ауданында өтіп жатқан "Шұғыла Шалқарым" жерлестер форумының ұйымдастырушыларына өз наразылығын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Танымал актер концерттің бейіт қасында өтіп жатқандығына қарсы екенін өзінің Instagram парақшасында жазған болатын.

Құрметті жерлестер, той құтты болсын! Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүбірлі той болып жатыр дейді, тойларыңыз тойға ұлассын, әкімшіліктегі ағалар... Жерлестер форумы деген аты болмаса, бірде-бір жерлесті көріп тұрғаным жоқ. Ол аздай, гала концерт Шалқарда бейіттің қасында өтіп жатыр дейді. Бұл не сұмдық? Әкімшілік пен ұйымдастырушылар тарапы қайда қарап отыр? Мен мұны неге айтып отырмын, естуімше тұрғындар наразылық танытуда. Сол жерде туылып, өсіп-өнген мен де (қазір Алматыда тұрсам да) қарсымын. Себебі сол қорымда менің атам, әжем және әкем жатыр. Шалқар үшін тер төккен қаншама ата-бабаларымыз жерленген. Марқұмдардың жатқан жерлері жайлы болсын. Дегенмен, өлгендердің басына барып концерт қойған өрескел қате. Алла сақтасын. Басқа жерлер бар ғой концерт қоятын. Мысалы бұрынғы номері 39 ші қазіргі 5ші мектепке қарама қарсы стадионға жасаса болады ғой. Бұған көп ақылдың қажеті де жоқ, кішкене сананы қосса болғаны...

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында жерлестер форумы өтіп жатыр. Шараға Роза Рымбаева, Айгүл Елшібаева, «МУЗарт» тобы, Қайрат Нұртас секілді танымал эстрада жұлдыздары шақырылған. Концерттік шараның бейіт жанына ұйымдастырылуына ауыл тұрғындары да өз қарсылықтарын білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
2
1
2
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel