RU
Базарда құрылыс материалдарын тиеп жүрген жедел жәрдем ел ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

Базарда құрылыс материалдарын тиеп жүрген жедел жәрдем ел ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Қатты сырқаттанып қалғанда шақыра алмайтын "Жедел жәрдем" енді базар жағалап, құрылыс заттарын тасып жүр. Желіге тарап кеткен видеожазбада мемлекет ақшасына сатып алынған мүліктің бас дәрігер салып жатқан коттеджге ағаш тасу үшін қолданылып жатқан көрінеді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Базарда құрылыс материалдарын тиеп жүрген жедел жәрдем ел ашуын келтірді

Базарда құрылыс материалдарын тиеп жүрген жедел жәрдем ел ашуын келтірді

Алматы базарында құрылыс заттарын тиеп жүрген жедел жәрдем көлігінің видеосы желіде қызу талқыға түсті.

Видеодағы көлікті табу қиынға соға қойған жоқ. Мемлекеттік нөмірдің қай ауруханаға тиесілі екенін ішкі істер департаменті лезде анықтап берген.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі - 871АХ05
Мемлекет - Қазақстан
Облыс - Алматы облысы
Аудан - Жамбыл ауданы
Мекеме атауы - Жамбыл ауданы, ШЖҚ Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы»
Көше - Қарғалы, А.Бейсеуов
Үй № - 1

Ғаламтордың жұлдызына айналып үлгерген көлік видеосының авторы да табылды. 871 нөмірлі жедел жәрдем көлігінің құрылысқа жегілгенін жүргізуші де жасырмайды.

Алайда, аурухана басшысының оқиғаның өз нұсқасы бар болып шықты.

Ұлдарым үй салып жатқаны рас. Бірақ, жедел жәрдемдегі құрылыс материалдары біздің үйге емес, Қасымбек ауылында жөнделіп жатқан емханаға жеткізілген", - деп айтты ол.

Құрылыс материалдарын алып келетін көлік таппай, оларды жедел жәрдем көлігіне жүктеуге бұйрық берген аурухана завхозы бірден жұмыстан босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір