RU
Алматыда 16 жылға сотталып кеткен полицейдің жары өз шындығын айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 16 жылға сотталып кеткен полицейдің жары өз шындығын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Жыл басында Алматы қаласындағы учаскелік полицей Арли Оңғарбаев қызметін пайдаланып, жалғызбасты әйелдің екі пәтерін сатып жіберді деген ақпарат елді дүр сілкіндірген болатын. Осыдан кейін сот оны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда бұрынғы полицейдің жары мен анасы сот шешімімен келіспей отыр. Олар NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хабарласып, шындықтың екінші бетін айтып берді.

Оңғарбаев Арлидің жары Дилара мен балалары

Оңғарбаев Арлидің жары Дилара мен балалары

Еске салсақ, 2017 жылдан бері полиция қызметкері Оңғарбаев Арли өзінің танысы Жаңабаев Әлішермен қосылып, ұйымдасқан түрде арам пиғылдарын іске асырды деп айыпталған. Іс материалы бойынша екі айыпталушы Татьяна Шульгина есімді Алматы қаласының тұрғынын алдап, екі пәтерін сатып жіберді делінген.

Нақтырақ айтсақ, Жаңабаев Әлішер 2015 жылы Татьянамен танысып, оның сеніміне кіріп алған. Осыдан кейін онымен үйленетініне сендіріп, мүліктерін сатуға көндіреді. Ол жәбірленушіні пәтерлерді сатқан ақшаға үлкен үй алып, кәсіп ашамыз деп алдаған.

Осыдан кейін айыпталушы Жаңабаев Татьяна Шульгинаның көзін құрту үшін Қырғызстанға құлдыққа өткізбекші болған, ал баласын өлтіруге талпынған. Сонымен, сот аталған қылмыстың барлығын Жаңабаев сол кездегі полиция қызметкері Оңғарбаев Арлимен бірге ұйымдастырды деген үкім шығарып, Оңғарбаевты 16 жылға, Жаңабаевты 12 жылға бас бостандығынан айырған.

Алайда, сотталған Оңғарбаев Арлидің жары бұл шешіммен келіспей отыр. Әйелдің айтуынша, күйеуінің кінәсі толық дәлелденбеген.

Оңғарбаев Арли баласымен

Оңғарбаев Арли баласымен

"Менің күйеуім Оңғарбаев Арли Татьянаның үйін сатқан Жаңабаев Әлішермен жақын араласпаған. Олардың телефон арқылы жиі байланысқа шыққаны сотта дәлелденген жоқ. Сондай-ақ 2015 жылы пәтерлерді сату кезінде нотариус қызметкерлері де, риелторлар да менің күйеуімді көрмеген. Оған қоса 2015 жылы болған қылмысты неге 2017 жылы бір-ақ жария етіп отыр? Екі жыл бойы менің күйеуім ешқайда кетпей, бұрынғы жұмысында істеп жүрді.

Жаңабаев Әлішер мен Татьяна Шульгина кафеде жұмыс істеп жүріп танысқан. Ал менің күйеуім олардлы өзі жұмыс істейтін учаскеде тұратын болған соң ғана таниды. Басқа қарым-қатынас болмаған", - дейді Дилара Искакова.

Енді Арли Оңғарбаевтың жақындары қорғаушысы Зүлфия Наумовамен бірге сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Олар соттың істі қайта қарап, әділ шешім шығаратынына сенетінін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
6
2
2
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel