RU
Ақбота Керімбекованың той көйлегін Шаһизаданың киетіні рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекованың той көйлегін Шаһизаданың киетіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Былтырғы жылы Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғаны ресми түрде жарияланбаса да, ақпарат көздерінде таралып кетті. Ел үшінші күйеуімен ажырастырып, қайта қосқан Керімбекова той көйлегін Шаһизадаға тарту етпекші деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова, Шаһизада. Фото-коллаж: NUR.KZ

Ақбота Керімбекова, Шаһизада. Фото-коллаж: NUR.KZ

Баласының үшінші рет тұрмыс құруға рұқсат бергенін айтқан Шаһизада тағдырласының көйлегіне көзі түскенін өзі айтып берді.

"Енді Ақботаға айттым ғой "Ақбота тұрмысқа шығатын болсам, көйлегіңді бересің маған" деп. Ол "Болды әпке" деді. Ырым ғой енді. Міндетті түрде киемін", - деді Шаһизада.

Ал Керімбекова елден жасырса да, жария болған тойының қызықты сәттері жайлы баяндап берді.

"Былтыр менің үйлену тойымда әпкем "Мына көйлекті мен кием" деп өзі айтқан болатын. Құдай қаласа, ол көйлек үйде тұр. Ниет қып сұрап жатса, қай қызға да ырымдап беруге дайынмын. Әр адам қыз болсын, жігіт болсын, бақытты болғысы келеді. Сол себептен мен әпкем де (ред. Шаһизада) өзінің орнын тауып, өзінің жартысын тауып, бақытты әйел болса екен деп тілеймін", - деп ағынан жарылды.

Толығырақ сенбі күні "Ел аузында" бағдарламасынан көре аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
4
1
3
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel