RU
Димаш Құдайбергеннің әкесі баласына жантебірентерлік жазба арнады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласына жантебірентерлік жазба арнады

Рассказать Вконтакте

Бүгін 24 жасқа толған Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев тұңғыш ұлына арнап жазба қалдырды. Әншінің әкесі Димашты туған күнімен құттықтап, естеліктерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш. Фото-коллаж: NUR.KZ

Димаш. Фото-коллаж: NUR.KZ

Қанат Айтбаев осыдан 24 жыл бұрын Димаш өмірге келген күні қалай шаттанғанын Instagram парақшасында айтып берді.

"Сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ата-анамның "ұлды болдық!" деп шаттанып, ұлан-асыр той жасағаны, қуаныш үстінде əн арнағаным күні кешегідей көз алдымда.

Бəріміздің махаббатымызға бөленіп өстің. Əсіресе папамыз бен мамамыздың өзіңе деген сезімі ерекше болатын. Əлі күнге солай. Төбеңнен құс ұшырмайды. Мамамыз басыңнан сипап отырып, "Менің құлыным бойы ұзын, ойы биік, арманы асқақ, жүрегі жұмсақ, мейірімді азамат болып өседі" деп айналып, толғанушы еді.

Бүгін туған күнің. Өмірің мəнді де сəнді болсын. Өзіңді, өнеріңді жақсы көретін ата-ана, бауырларыңның, дос пейілді жандардың, тыңдармандарыңның қуанышы бола бер. Ғұмырың ұзақ, бақытты болсын, Диконым", - деді Айтпаев.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің 24 жылда қандай жетістіктерге жеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
1
34
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір