RU
Бетіне ота жасатқан танымал журналист бар шындықты жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бетіне ота жасатқан танымал журналист бар шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Бетіне ота жасатып, елді шулатқан танымал журналист Мұхит Сапарбаев желіде тарап кеткен суреттерді түсіндіріп, неліктен мұндай қадамға барғанын, қазіргі жағдайын NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Тележүргізуші бұл қадамға амалсыздықтан барғанын алға тартты.

"Соңғы уақытта біраз салмақ тастағандықтан, бетімнің терісі босап қалды. Сондықтан тарттыру керек болды. Ел шулап жатқандай ота емес, бетіме алтын жіптер тіктірдім. Мұны ерсі деп санамаймын. Себебі, екінің бірі осы бет күтімін жасатып алған. Бірақ, бұл жайында жақ ашпайды. Танымал тұлғалардың көбісі де осы қызметке жүгінген. Бұл бір тіс тазалатқан сияқты. Ота деп айтуға келмейді", - деді Сапарбаев.

- Алдағы уақытта келбетіңізге тағы да өзгеріс жасағыңыз келеді ме?

- Иә, жасатамын. Менің көзімнің үстінде грыжа бар. Алдағы бір жыл ішінде соны алдырғым келеді. Егер Қазақстаннан білікті маман тапсам, елімізде жасатамын. Ал егер табылмай жатса, шетелдік мамандардың көмегіне жүгінемін.

- Салонға қаншалықты жиі барасыз? Ер адамдардың сұлулыққа құмарлығына қалай қарайсыз?

- Біз түгілі үлкен елдерді басқарып отырған басшылар да беттерін алтын жіппен тарттырып, сымбатына көңіл бөледі. Енді өнер жолында жүргеннен кейін біздің келбетіміз де күтімді қажет етеді. Біздегі ер-азаматтардың ойы мен ісі әртүрлі. Салонға барсаң, маникюр мен педикюрге жазылған жігіттерді көресің. Бірақ олар бұл жайында айтқысы да келмейді. Бәрінің жасырын болғанын қалайды. Бірақ, сұлулыққа көңіл бөлетін жігіттеріміз баршылық. Меніңше, әр адам өзін күтіп, әдемі қартая білуі керек. 70-80 жасында қуыршаққа айналсын демеймін. Бірақ, өзіне көңіл бөліп тұрған дұрыс.

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

Сапарбаев. Фото: NUR.KZ

- Ал өзіне көңіл бөлмейтін әйелдерге көзқарасыңыз қандай?

- Ондай әйелдер өздерін сыйламайды, жақсы көрмейді деп ойлаймын. Үйінде жыртық халатпен, кір басымен жүріп, күйеуі өзгеге көңіл аударғанда ғана опық жейді. Негізі ер адам тазалықты жақсы көреді. Күтінбеген әйелден қашады. Бұл жатса-тұрса сұлулықты ойлау деген емес. Барлығын ретімен жасау керек. Асыра сілтеуге де болмайды. Бірақ, әйел адамның өзін-өзі жақсы көргені дұрыс.

- Ата-анаңыз сіздің бұл ісіңізге қалай қарады? Қарсылық білдірмеді ме?

- Жоқ, қарсы болмады. Анам біледі. Өзіме жақын адамдарым бұл іс жайлы хабардар. Маған сенеді. Оның үстіне бетіме басқа адамның бетін салдырмаймын ғой. Тек өзімнің артық терімді тарттырамын.

Ескерту! Мақаланы және қолданылған суреттерді көшіріп басуға тыйым салынады! Мақала ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
4
7
0
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір