RU
Собчак: Ресейліктер Қазақстанның жеке мемлекет екенін ұмытпауы керек
Жаңалықтар Қоғам

Собчак: Ресейліктер Қазақстанның жеке мемлекет екенін ұмытпауы керек

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал журналист Ксения Собчак Алматы қаласына келген сапарында Қазақстанды Ресейдің інісі ретінде көру дұрыс емес екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Ксения Собчак. фото: eamedia.org

Ксения Собчак. фото: eamedia.org

Журналистердің сұрағына жауап берген Собчак Ресейдегі антилибералды үрдіс Қазақстанға әсер ете қоймайды деп санайтынын жеткізді.

"Бұл елдің өзіндік антилибералды үрдістері жеткілікті.Біздің ресейліктер сіздер үшін жарлық емес және ешқалай әсер ете алмайды.

Ең бастысы, ресейліктер Қазақстанның өзі алдына жеке, жақсы дамып келе жатқан мемлекет екенін естен шығармауы керек. Сондықтан Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тек тең дәрежелі серіктестік болуы мүмкін", - дейді ол.

Собчактың сөзіне сүйенсек, Ресейдің Қазақстаннан үлгі алатын тұстары да бар екен.

"Қазақстанда қалыптастырылып жатқанэкономикалық жүйе дағдарысқа төтеп бере алатындай көрінеді. Сіздердің ол дағдарыстан өтіп, кейбір құлдырауды бастан кешкендеріңізді білемін.

Алайда одан кейін құрылған жүйе дамуға алып келеді деп ойлаймын", - деді Собчак.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір