RU

Жеңіліп көрмеген Головкин соққысы жойқын боксшылардың үштігіне енді

Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы қуатты боксшылардың рейтингісін жасаған. Рейтінгіде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Головкин
Головкин: UGC

Бұл туралы Prosports.kz порталы хабарлады.

Головкиннің алдын аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) ғана орап тұр.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңген.

Келесі кездесуін қазақстандық боксшы Сауль Альвареспен өткізеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733606-zeilip-krmegen-golovkin-sokkysy-zojkyn-bokssylardy-stigine-endi.html