RU
Мәжіліс депутаты: Билік жер туралы шындықты халыққа айту керек
Жаңалықтар Қоғам

Мәжіліс депутаты: Билік жер туралы шындықты халыққа айту керек

Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев билік 10 сотық жерге қатысты жағдайды талдап, халыққа түсіндіруі керек екенін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Омархан Өксікбаев

Омархан Өксікбаев

"Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды.

Бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыны салмақтап, талдап, үкімет айту керек. Қай жерде тоқтауымыз керек, қай уақытқа дейін бұл бағдарламаны жасауға тиіспіз.

Өйткені бүгін барлығына 10 сотық тиесілі дедік. Ал сол тиесілі жерін бере алмаймыз", — деді депутат "Нұрлы жер" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.

Оның айтуынша, жеріміз кең байтақ болғанымен, оның бәріне инфрақұрылым тарту мүмкін емес.

"Сондықтан осыны талдап, халыққа жеткізу керек. Өйткені, бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады. Өкілетті орган осы мәселені зерттеп, шындықты айтуы керек деп ойлаймын", — деп түйді сөзін Өксікбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
3
3
2
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір