RU
Солтүстік Корея өзінің ядролық сынақ полигондарын жарып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Солтүстік Корея өзінің ядролық сынақ полигондарын жарып жіберді

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Корея билігі Пхунгери полигонындағы үш сынақ шахтасын жойғанын хабарлады. Ядролық полигондардың жою процесіне шақырылған журналистер Пхунгери жақтан будақтаған қалың түтін көргендерін айтқан деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Солтүстік Корея өзінің ядролық полигондарын жарып жіберді

Солтүстік Корея өзінің ядролық полигондарын жарып жіберді

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, үш шахта, бақылау мұнарасы және полигон жойылған. Ресми Пхеньян ядролық полигондарды жою кезінде зиянды заттар қоршаған ортаға тарамағанын мәлімдеген.

Ядролық полигонның демонтажына халықаралық бақылаушылар мен сарапшылар шақырылған жоқ.

Пхунгери полигоны - Солтүстік Кореядағы ең ірі сынақ алаңы. Бұл полигонда 2017 жылы қыркүйекте сынақ өткен.

Сәуірдің соңында Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын арасындағы кездесуде Пхеньян сынақ алаңдарын демонтаж жасайтынын айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel