RU

Дауылды ескерту: Бірнеше аймақта дауыл соғып, бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше аймағында жел тұрып, дауыл болатынын ескертті деп хабарлайды NUR.KZ.

Дауылды ескерту
Дауылды ескерту: UGC

25 мамырда Ақмола облысында кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астана қ: 25 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, бұршақ болуы мүмкін.

Көкшетау қ: 25 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25-ші мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел 17-22 м/с күтіледі.

25-26 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел сақталады.

25 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

26 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Орал қ.: 25 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733618-dauyldy-eskertu-birnese-ajmakta-dauyl-sogyp-brsak-zauady.html