RU
Алматы облысының ұлының өлімін бес жылдан кейін бір-ақ білген ана көз жасын тоқтата алмады
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысының ұлының өлімін бес жылдан кейін бір-ақ білген ана көз жасын тоқтата алмады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тұрғыны Әсия Бастаева із-түзсіз жоғалып кеткен ұлының хабарын бес жылдан кейін бір-ақ алып отыр. 2013 жылы көлік апатынан қаза болған азамат есімдері анықталмаған жандарға арналған зиратқа жерленіп кеткен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әсия Бастаева. Кадр 31 арна

Әсия Бастаева. Кадр 31 арна

Қарғалы ауылының тұрғыны Әсия Бастаева жоғалып кеткен баласын іздеп, бармаған жері қалмаған. Тіпті, ұлы Жаслан Докушев еш жерден табылмаған соң бір күні аман-есен оралар деп үмітін де үзбеген екен.

Сөйтсе кенже ұлы 2013 жылы жер қойнауына тапсырылған екен. Бірақ полиция оны тек жақында ғана хабарлаған.

"Баламыздың суретіне қарап, танып тұрдым енді, көзім жетті сол балам екеніне. Өлген кезде мәітханада түсірілген суреттер ғой деймін", - дейді Әсия Бастаева.
Жаслан Докушев, Кадр 31 арна

Жаслан Докушев, Кадр 31 арна

Полицияның мәліметінше, Жасланды 9-шы мамыр күні көлік қағып кеткен. Қатты дене жарақатын алған 24 жастағы жігіт келесі күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Оны қаққан жүргізуші де кезінде анықталып, сотталған екен.

"Полиция қызметкерлері тұрғысынан ешбір заңды бұзу дерегі анықталмаған, өйткені қалтасында бірде бір құжаты жоқ, арнайы өзіміздің шұғыл процедураларды жүзеге асырған кезде де, саусақ іздерін тексерген кезде де ешқандай базадан анықталмаған", - дейді Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Полиция марқұмның Жаслан екенін бірден анықтай алмадық дейді. Алайда марқұмның туыстары бұл жауапқа күдікпен қарайды. Олар "бала 12 күн мәйітханада жатқанда артынан іздеп барғанбыз, бірақ ешкім жақ ашпады" деп отыр.

Енді Жасланның жақындары жаназасы шығарылмай, айдалада жерленген бауырының моласын қоршап, басына тас қоймақшы. Содан кейін жұмбақ өлімнің шындығына жету үшін құзырлы органдарға шағымданамыз дейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
16
3
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel