RU
Семейде "бала көтересің" деген емшінің сөзіне сенген тұрғындар оңбай алданып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Семейде "бала көтересің" деген емшінің сөзіне сенген тұрғындар оңбай алданып қалған

Рассказать Вконтакте

Семейде бала көтеруге көмектесіп, бедеуліктен емдеймін деп тұрғындарды сендірген әйел ұсталды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mixnews.lv

Көрнекі фото: mixnews.lv

57 жастағы тұрғынға алдандық дегендердің көбі он жылдан бері құрсақ көтере алмай жүрген әйелдер болып шықты.

"Бала көтересің" деген емшінің сөзіне иманындай сенген олар әйелдің сұраған ақшасын несиеге алып, үйлерін сатып, қарызға болса да тауып бергендерін айтады.

Тіпті емші әйел берген майды жағып, суы мен дәрісін ішкендердің іштері аяқ асты дөңгеленіп шыға бастағаны ана болғысы келгендердің үмітін оятыпты.

Арызданған келіншектердің қазір саны он үш адамға жеткен. Ал жасаған ем-домы үшін зейнеткер 3 миллион теңгеге жуық ақша алды деп отыр.

"Қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 190 бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қолхатпен босаттық", - дейді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елеубек Оспанов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
4
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel