RU
Астанадағы көрмеде үстіне стенд құлап кеткен ер адам көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы көрмеде үстіне стенд құлап кеткен ер адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

"KADEX-2018" көрме кешенінің аумағында ер адамның үстіне стенд құлап, ол ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Стенд құлап түскен

Көрнекі сурет

Үстіне стенд құлаған ер адамды тез арада ауруханаға жеткізген. Оған жедел көмек көрсетілгенімен, алған жарақаттары тым ауыр болып, ол көз жұмды.

Қазақстанның әуеғарыш және қорғаныс өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі ер адам ауруханаға алып кетер алдында есін біліп жатқанын мәлімдеді.

"Медициналық мекемеге келе сала азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен, ол қайтыс болып кетті", - дейді министрліктегілер.

Ведомстовоның берген ақпаратына сәйкес, қайтыс болған кісінің отбасына материалдық көмек көрсетілмек.

Қазіргі таңда құзырлы мемлекеттік органдар бұл жайт бойынша тергеу жүргізуде.

Еске салсақ, қайғылы жағдай Астанада өтіп жатқан Қарулану және әскери-техникалық мүлік KADEX-2018 халықаралық көрмесінің аумағында орын алған болатын.

Қатты желден стенд жанынан өтіп бара жатқан көрме қонағының үстіне кенеттен құлап кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір