RU
Шымкентте бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Ақпан айында бір отбасыны жайратып салған қылмыскердің ісін тергеу аяқталды деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте бір отбасын жайратып салған

Шымкентте бір отбасын жайратып салған

Шымкентте биылғы жылдың ақпан айында бүтін бір отбасының мәйіті табылып, бұл жаңалық елді дүрліктірген еді. Қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 50 жастағы анасы мен екі ұлының өлі денелері табылған болатын.

Шымкенттегі өндіріс орындарының асханасында жұмыс істеген жалғызбасты әйелдің үлкен ұлы 22 жаста болса, кіші ұлы небәрі 13 жаста екен. Бүкіл бір отбасын өлтірген күдіктіні тәртіп сақшылары бірнеше күннің ішінде Тараз қаласында құрықтаған.

Бұрын бірнеше рет сотты болған, марқұм әйелдің үлкен ұлының 26 жастағы танысы болып шықты. Марқұмдардың туыстарының сөзіне қарағанда үлкен ұлы компьютерлік ойындарға құмар болған. Сөйтіп күдіктіге қарыз боп қалыпты-мыс. Сол қарызының өтеуі бүкіл отбасының өмірі болған десті туыстары.

Қазір қылмыстық іс материалдары сотқа өтті. Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қарайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
5
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel