RU
Жантүршігерлік жайт: Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагердің басын кесіп алған
Жаңалықтар Қоғам

Жантүршігерлік жайт: Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагердің басын кесіп алған

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік оқиға орын алды. Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адам саудагер келіншектің басын кесіп алған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагер әйелдің басын кесіп алған

Кадр: КТК арнасы

Полицейлер қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығын ашып айтпай отыр. Ал қанды қылмыстың өзі Шу станциясында болған.

Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген. Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті. Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған.

Ал қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты. Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер.

Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар. Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.

"Ұсталған азаматтың паранойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
10
8
3
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel