RU
ОҚО тұрғыны әйелін соққыға жығып, ұлын қамап қойған полицейлердің әрекетіне күйінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО тұрғыны әйелін соққыға жығып, ұлын қамап қойған полицейлердің әрекетіне күйінді (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да Қараспан ауылының бір топ тұрғыны жеке меншік құрылыс алаңына құжат тексеруге келген полицейлердің қоқан-лоққы көрсеткенімен қоймай, соққыға жыққанын айтып, жанайқайын жеткізді. Олардың айтуынша, соққыға жығылғанын анасының құлағанын көріп көмекке ұмтылған балалары қамауға алынған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полицейдің ұрғаны

Кадр: 31 арна/Полицейлердің соққысы

Османжан Акимов жанжал көші-қон полиция қызметкерлерінің заңсыз мигранттар деп қазақ азаматтарын алып кетпек болған сәттен шыққанын айтады. Ал араша түскен жұбайымды итеріп жібергенде, ол тасқа құлады дейді. Бұл суреттер сол күні түсіріліпті. Айтуынша, сол кезде арқасын ауыр жаралаған. Ақыры үш рет ауруханада жатып, емделіп шыққан көрінеді.

"Мені былай екі қолымнан ұстады да, «ары тұрыңыз шешең» деп ашуланып, ұрып құлатты мені екпінмен. Фонтан бар-тұғын есігіміздің алдында, фонтанның су жиналатын жері бар. Соған басыммен осылай құладым. Демала алмай қалдым. Ааа дедім де, сол жерде қалдым", - дейді жәбірленуші Лаписа Әкімова.

Анасының құлағанын көріп, көмекке жүгірген ұлым Асхатжан Тохсынов пен жиенім Тұрсын Махмутовты да полицейлер әбден ұрып-соғып, тергеу абақтысына қамап тастады дейді отағасы. Оларға қатысты қазір күш құрылымдарына қарсылық көрсетті деген баппен және алаяқтық бойынша іс қозғап жатқанын айтады. Айтуынша, іс қозғалғасын, полицейлер ақша бопсалауға көшкен. Қамауда отырғандарға қатысты мәселені шешу үшін 800 мың теңге сұрады деп отыр.

"Менен ақша сұрады. 800 мың. Жағдайым жоқ деп бәрін түсіндірдім. Үй-жайым жоқ неше жылдан бері. 4 баланың анасымын дедім. Сосын сол барын әкел дегеннен кейін, қарызға алып 100 мың процентке апарып беріп. Сонымен ұсталып отыр ол", - дейді жәбірленушінің туысы Гүлбаһар Әкімова.

Қазір парамен ұсталған тергеушінің үстінен де сот жүріп жатыр дейді жәбірленуші тарап. Ал полицияға қарсылық көрсетті деп қамалған Асхатжан Тохсынов пен Тұрсын Махмутовтың ісін енді сот шешеді дейді тәртіп сақшылары. Ал құзырлы орган өкілдерінен соққы алдым деп жазылған жәбірленушінің арызы тоқтатылыпты.

"Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтамға алынған. Ал 23-ші мамырда аталған жәйт бойынша ОҚО Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне қызметтік тексеруді жүргізу үшін ұсыныс жолданды", - дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзова.

Қалай болғанда да, ақпанның басында болған оқиғаға күні кеше тексеру жүргізуге ұсыныс жолданғаны түсініксіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір