RU
Ақтөбедегі интернатта сал ауруына шалдыққан 28 жастағы әйелді буындырып өлтірген
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі интернатта сал ауруына шалдыққан 28 жастағы әйелді буындырып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жүйке аурулары интернат үйіндегі емделушіні көрші палатадағы науқас буындырып өлтірген. Алайда мекеме басшылығы оқиғаны айтпай, жасырып қалғысы келген болуы мүмкін деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбедегі интернатта сал ауруына шалдыққан 28 жастағы әйелді буындырып өлтірген

Көрнекі фото: БезФормата.Ru

Қаралып жатқан істе, «28 жастағы емделушіні, көрші палатадағы күдікті түнімен қатты дауыс шығарып, ұйқы бермегені үшін буындырып тастаған» деп көрсетілген.

Ақыл-есі кем адам түрмеге қамалмайтындықтан, жауап беруші орындығы бос. Алайда интернатта қаза тапқан марқұмның туыстары мекеме қызметкерлері неліктен жалған ақпарат бергендерін түсінбейміз, дейді. Айтуларынша, алғашында интернаттың санитарлық қызметкерлері науқасты сіңірі тартылғаннан көз жұмды депті. Артынан марқұмның денесін көрген туыстары оның мойнындағы қызарған іздерді байқап, полиция шақыртқандарын айтады.

"Сіңілімнің трупын қарайсыз ба, деді. Қараймын дедім. Барып қарағанда мойнында үлкен қызыл із жатты. Сразу түсіндім, ол судрогі емес, қылғындырып өлтіргенін. Сосын айттым, бұл деген убийство ғой, қылғындырдыңдар ғой деп. Сол жерде сразу кешірім сұрады", - дейді марқұмның әпкесі Мәриям.

Марқұмның адам қолынан қайтыс болғанын сот-медициналық сараптамасы да дәлелдеп отыр. Айтуларынша науқастың тамағына дейін тығылған шүберек оның дем ала алмай қалуына жеткілікті. Бүгін құқық қорғаушылар судьядан ақыл-есі кем, өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайдағы адамды мәжбүрлі түрде емдетуге жатқызуды сұрады.

"Солдатова психикалық аурумен ауыратындықтан және оның жағдайы қоғамға қауіп төнтіретіндіктен жалпы режимдегі психикалық стационарда мәжбүрлі түрде емге жатқызуды сұраймын", - деді прокурор Дидар Әбубәкіров.

Қасындағы көршісін өлтірді деп айыпталып отырған науқас бала кезінен психоневрологиялық диспансерде емделеді екен. Ал туылғаннан сал ауруына шалдыққан марқұмды аталған мекемеге осыдан бес жыл бұрын туыстары әкеліпті. Интернат үйінің қызметкерлері кісі өлтіру фактісі мекемеде бірінші рет болып отырғанын айтады. Алайда іске қатысты жауап беруден бас тартты. Ал мекеменің жабық режимде жұмыс жасайтынын алға тартқан қызметкерлер есіктен ары өткізбеді.

Қызметкерлердің айтуынша бұл жабық мекеменің бас дәрігері қазір еңбек демалысында. Ал қасындағы көршісін буындырып өлтірген науқас әзірге осы интернатта ем алып жатқан көрінеді. Оның басқа жаққа ауысу-ауыспауы сот шешімінен кейін ғана белгілі болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel