RU
"Аяққа тұрамын": Қатерлі дертке шалдыққан жас әнші көптің көмегіне зәру
Жаңалықтар Қоғам

"Аяққа тұрамын": Қатерлі дертке шалдыққан жас әнші көптің көмегіне зәру

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында қатерлі дертке шалдыққан жас әншіге көмек керек. Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин ауылының тумасы, 16 жастағы Рахат Есімбектің бойынан сүйек рагы анықталған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рахат Есімбек

Рахат Есімбек. Скриншот: КТК

Қазір жас өнерпаздың туысқандары оны ажалдан арашалап қалу үшін бар мүмкіндікті қарастырып жатыр. Олар қатерлі дертке Еуропада ота жасатуға келісім алған. Ал Германияда сүйекті металмен ауыстыру үшін 110 мың еуро керек. Мұндай ақшасы жоқ олардың ендігі бар үміті – жомарт жандарда.

"Бір Аллаға сеніп отырмыз! Аяғынан тік тұрғызып, келешегі бар дегендей. Қаражатымыз жетпей жатыр. Қазіргі кезде қаражат керек болып тұр кісілерден. Көмектерін аямай брсе екен. Алладан қайтсын. Осы Рамазан айында көмектерін көрсетсе деп шын жүректен үміттенемін", - дейді Рахаттың анасы Сара Мәзбаева.

Германиядағы дәрігерлер сүйекке ота жасап, оны металмен ауыстырып береміз депті. Ол үшін 43 миллион теңге болса, Рахатқа медициналық көмек көрсетіледі. Ол бұған дейін Астанадағы онкология орталығында ем-дом алған.

Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің опера бөлімінде оқитын жасөспірімнің көңілін сұрап, әйгілі опера әншісі Сүндет Байғожиннің өзі ауруханаға келіпті. Ол Рахатқа өзінің байқаудан алған жүлдесі мен 1 миллион теңгені тарту еткен.

Рахат Есімбек

Рахат Есімбек

"Осындай жағдайға түсіп қалдым. Енді үлкен іс күтіп тұр,үлкен жол күтіп тұр. Шетелге барып емделіп, аяққа нық тұрсам ба деген сенімдемін. Сүндет ағам көмектесті рух беріп, менімен бірге ән айтасың деп айтқан. Осы үлкен сенім болып аяғымнан тік тұруға тырысамын", - дейді Рахат Есімбек.

Көкшетауда өнерпаздар концерт қойып, өзі оқитын колледждегі достары да көмекке келген. Қазір Рахаттың есеп-шотында 17 миллион теңге бар екен. Қалған соманы тезірек жинау қажет болып тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
10
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel