RU
Бүркіт екі ұлдан кейін дүниеге келген қызын неліктен қолына алмай жүр?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіт екі ұлдан кейін дүниеге келген қызын неліктен қолына алмай жүр?

Рассказать Вконтакте

Осыдан 40 күн бұрын үшінші сәбиі дүниеге келген Бүркіттің жары жан сырымен бөлісті. Ол кішкентай қызына Бүркіттің жақындамайтынын айтып берді деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Әнші қазіргі уақытта түсірілім алаңында болып, үйге де жиі келмейді екен.

“Бастысы, босанған сәтте жанымда болды. Перзентханадан шығарған кезде болды да, келесі күні жұмыстарымен ұшып кетті.

Үлкен балаларыма қарасып, қолынан келгенше көмек береді. Бүркіт тіпті қызын қолына алуға қорқады екен. Қыз ғой, "Кемі 40 күн тиіспей-ақ қояйын" деп жүр. Өз ойлағаны бар-ау”, – дейді Аиша.

Сондай-ақ, әнші үйінде көмекшілері барын да айтты.

"Жер үйде тұрғандықтан жалғыз өзім барлық іске үлгермеймін. Көмекшілерім бар. Екі ұлымда ешқандай көмекші жалдаған емеспін. Бірақ, қазір үш балам бар ғой", - деді Бүркіттің жары.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
4
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel