RU
Алтынбек Қоразбаев: Елбасы вице-министр қызметін ұсынғанда, бас тартқан едім
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алтынбек Қоразбаев: Елбасы вице-министр қызметін ұсынғанда, бас тартқан едім

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әншілердің жұлдызын жаққан сазгер Алтынбек Қоразбаев "TalkLike" бағдарламасында елбасымен болған кездесуі жайлы айтып берді. Жан сырын ақтарған Бесбаевтың ұстазы кезінде жоғары лауазымды қызметтен де бас тартқан екен. Бұл жайында NUR.KZ порталы хабарлайды.

Назарбаев пен Қоразбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ

Назарбаев пен Қоразбаев. Фото-коллаж: NUR.KZ

“1989 жылы Алматыда Махтай Рамазанұлы деген лауазымды ақсақалдың үйінде елбасымен бірге қонақта болдым. Ол кісі мені арнайы Тараздан шақырып, барлық әндерімді тыңдады. Өзі арасында қосылып айтты. Сосын “Алтеке, қазір қандай қызметтесің? деп сұрады. Мен Жамбыл облыстық филормонияны басқарып жүргенімді айттым. Сол мекеменің директоры әрі көркемдік жетекшісі едім.

Сонда президентіміз “Он жылдай басшылықта жүріпсің. Енді Мәдениет министрлігінің орынбасары қызметіне келетін уақытың болыпты” деді. Бірақ мен көп ойланған жоқпын, "Нұрсұлтан Әбішұлы, мен қазір шығармашылық шарықтау шыңында жүрмін. Рұқсат болса, 5-6 жылдай шығармашылықпен айналыссам" дедім. Оған еш қарсылық білдірмеді. “Өзің біл, бауырым” деді. Сол уақытта сүйікті шәкірттерім Мейрамбек, Тоқтар Серіктің жаңа шығып келе жатқан кезі. Оларды елге таныту, өнерін шыңдауым керек болды”, – деп ағынан жарылды Қоразбаев.

Сондай-ақ сазгер бұл әрекеті үшін ешқашан өкінбегенін де мәлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
0
1
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір