Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең әдемі ұстаздар анықталды (фото)

Опубликовано:

Бүгін - 25 мамыр. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер жаңа өмірге қадам басты. Осы орайда балаларға мейірімімен қатар бар ықыласын арнап, білім беруде өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар қауымын елеп-ескеру мақсатында NUR.KZ порталы "еліміздегі ең әдемі ұстаз" байқауының жеңімпаздарын назарға ұсынады.

Портал ұйымдастырған байқауда республиканың әр өңірінен жас ұстаздар қатысты.

Нәтижесінде оқырмандардың ең көп дауысына ие болған, "еліміздегі ең әдемі ұстаз" деген атқа лайық деп танылған ұстаздар топ жарды.

Дәулетбақова Салтанат Жанболатқызы

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Алматы қаласы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі. 29 жастағы үш баланың анасы он жыл бойы ұстаздық етіп келеді. Салтанаттың айтуынша, оның өмірлік жары да ұстаз.

"Туған жерім Алматы облысының, Жалаңаш ауылы. Отбасында бес баланың үшіншісімін. Еңбек жолымды Алматыдағы N175 гимназияда бастадым. "Жыл мұғалімі" байқауына қатысып 3-орын иегері атандым. Бұл байқау менің өмірімде үлкен өзгерістерімен ерекшеленеді. Себебі өмірлік серігім - Медет Иманбекұлын осы байқауда жолықтырдым. Ол да - ұстаз. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ əдіскері болып қызмет атқарады. Тағдырымыз бір арнада тоғысқан азамат Алматы облысының Райымбек ауданындағы "Қайнар" ауылының тумасы.
еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды
еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды: UGC
Мен жар таңдауда жаңылмаған, ата-енеден жолым болған бақытты жанмын. Жұбайым бес қыздың ішінде еркелеп өскен жалғыз ұл. "Қарты бар үйдің қазынасы бар" деген. Атам Иманбек Қасымбаев құрылыс саласының маманы, енем Сара Құдиярбекова 30 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз. Француз тілінің маманы болған", - дейді ол.

Салтанат бүгінде ата-енеге ибалы келін, жұбайына сүйікті жар, бесік тербеткен ана.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC
"Айерке, Медина атты екі қыз бен Дінмұхамед есімді қамшыұстар ұл тəрбиелеп отырған бақытты жанұямыз", - деп сипаттайды өзінің отбасын әдемі ұстаз.

Сонымен бірге ол ұстаздық қызмет - өмірінің мәні екенін де мәнерлі сөзбен жеткізген.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC
"Мен үшін ұстаз - жас ұрпақты білім нəрімен сусындатып, шəкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны атанған мəртебелі мамандық иесі. Он жылдық тəжірибем мені көп нəрсеге үйретті, шыңдалдым. Себебі, бастауыш сынып мұғалімі болу оңай емес. Бір-бір үйдің еркесі болған соң, кейде баламен бала болып кетесің. Алдыңа келген шəкірт бойындағы дарынды ашу мен оқушының қабілетін байқауда мұғалім еңбегі өлшеусіз. Сондықтан шəкірт тəрбиелеу үздіксіз ізденіс пен тынбай еңбектенуді қажет етеді.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Мұғалім болғаныма мақтанамын. Өйткені мен таңертең - мектепке, кешкісін үйіме асығатын бақытты жанмын", - дейді Салтанат NUR.KZ порталына берген сұхбатында.

Аманбаева Маржан Маратқызы

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

29 жастағы Маржан - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Ұстаздық мамандығын жан қалауымен таңдаған ару бүгінде өзінің екі баласын тәрбиелеп отырған мейірімді ана.

"Мен кішкентайымнан сабақты жақсы оқыдым. Ұстаздықты таңдауыма себеп болған да менің білімге деген құштарлығым. Ұстаздар әулетінен тарап, ұстаздар отбасынан шығуым да осы жолға түсуіме әсер еткен болар. Атам Аманбаев Ақан, апам Жанысқызы Әлима, нағашы атам Үйсінтаев Айдаш сияқты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өмірін ұстаздыққа арнаған адамдардың немересімін. Осы кісілердің жолын екі жақтағы аға-әпкелерім жалғастырып, бүгінгі таңда олар ардагер ұстаздар қатарын толықтырып отыр. Ал ата-апаларымның жолын қууға бірден бір себепкер марқұм әкем - Аманбаев Марат Ақанұлы болды. Ол кісі маған үнемі жол сілтеп, өмір жолымдағы қорғаным бола білді. Үйімнің үлкені болғандықтан, артымнан ерген жалғыз ініме қамқор болуға баулыды.

Мектеп - бұл әр адамның өмірдегі иірімін табуға көмектесетін үлкен алтын шаңырақ. Сондықтан, мұндай алтын шаңырақта алтындай балаларға бағыт сілтеп, оларды ізгілікке үйрету - мен үшін бақыт. Мектепте өткізген әр күнім маған қуаныш сыйлайды", - деп сырын ақтарды ұстаз.

Алты жылдан бері мектепте еңбек етіп келе жатқан Маржан әріптестері арасында білімімен, жаңашылдығымен, алғырлығымен сыйлы.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC
"Менің өмірім мектеппен өрілген. Үйдегі қос ұлым - Алдияр мен Мадиярға берген тәрбием қандай болса, білім ордасындағы балаларға да дәл солай ықыласымды арнауға тырысамын. Ұстаздық анау айтқандай - оңай емес. Кейде мұрныңнан шаншылып, үй көрмей жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ еңбегімнің жемісін көріп, елдің алғысына бөленген кезде мен өз жұмысымнан ләззат алатынымды түсінемін", - дейді ол.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

"Биыл мен жетекшілік еткен төртінші сыныпты үлкен мектепке шығарып салдым. Мен үшін олардың адам болғаны маңызды. Қыздарым ертең игілікті ана, ұлдарым ел азаматы болса - маған сол жеткілікті", - дейді әдемі ұстаз.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC
"Өмірлік жарым Алмас Буянбаев менің мамандығыма құрметпен қарап, менің кез келген жетістігіме қуанады. Жолдасым Қаракемер ауылындағы 66/54 әскери бөлімшесінде қызмет атқарады. Сондықтан, антына адал, кез келген тапсырманы жауапкершілікпен орындайтын азаматтың жары болғаныма мақтанамын", - дейді Маржан.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Кейде "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" деген Абай атамыздың сөзі дәл маған айтылғандай көрінеді", - дейді ол.

Маржанның айтуынша, оның үйіндегі ата-енесі де ұстаз келінін барынша қолдап отырады.

"Менің ата-енем үйде тілеуімді тілеп отыратын ізгі жандар. Олардың қолдауын сезінгесін, менің де жұмысымдағы тасым өрге домалайды. Жанашырым, ақылшым , тілекшім болған анашымның барына шүкіршілік етемін. Егер ол кісілер болмаса, мен елге сыйлы, ортамда құрметті болар ма едім?!
Сондықтан, маған артылған үміттің туы жығылмас үшін қазақтың инабатты келіні, өнегелі ұстазы болуға барымды саламын", - дейді жас ұстаз.

Байқауға қатысып, оқырмандардың ықыласына ие болған ұстаздардың тағы бірі - Ноғаева Айнаш Закаряқызы

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Айнаш - «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері, №87 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Айнаш №87 жалпы білім беретін мектепте орыс сыныптарына қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ береді. Аталған мектепте бірнеше жыл директордың тәрбие, оқу ісінің орынбасары қызметін де атқарған. Ұстаз орыс тілді оқушыларға мемлекеттік тілді меңгертумен қатар, патриоттық тәрбие беріп, Қазақстанға деген сүйіспеншілікті дарытуды басты мақсаты етеді.

Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото): UGC

Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатымен, Өрлеу Білім және Ғылым технология порталының Құрмет грамотасымен, «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық редакциясының алғыс хатымен марапатталған ұлағатты ұстаздар қатарында.

Айнаш Закаряқызы қалалық, республикалық семинарлар мен ғылыми конференцияларға да белсене қатысады. Оның оқушылары қалалық, респубикалық сайыстар мен олимпиада жүлдегерлері.

Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар мұғалім аяулы жар, бақытты ана атанып отыр.

NUR.KZ ұйымдастырған байқау жеңімпаздарына арнайы диплом табысталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733671-elimizdegi-e-demi-stazdar-anyktaldy-foto/

pixel