Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда 118 баланы асырап алған әйел тұтқынға алынды

Опубликовано:

Солтүстік Қытайдағы Хэбэй провинциясының басшылығы жетімдер үйін жауып, оның иесі Ли Лицзюньді тұтқындады деп хабарлайды Globaltimes сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: weibo.com
Фото: weibo.com: UGC

"Махаббат ауылы" деп аталатын бөбектер үйі ақпарат құралдарында жарияланған көптеген жарияланымдарына байланысты елде үлкен танымалдылыққа ие болған. Онда Ли Лицзюнь тастанды болған 118 мүгедек балалар мен жетімдерді асырап алғандығы туралы айтылған болатын.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, ол қайырымдылықпен тек жеке бас пайдасы үшін айналысқан көрінеді. Сол арқылы мемлекеттен қаржылай көмек алып, қайырымды жандарды жәрдем беруге шақырыпты.

Хабарланғандай, Ли Лицзюннің көптеген жылжымайтын мүлік объектілері, қымбат автокөліктері мен банк шотында ірі көлемді қаражаты болған.

Құзырлы органдар кейбір балалардың ата-анасы болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Әйел осының бәрін мемлекеттен қаржылай көмек алу үшін істеген.

Полиция қызметкерлері Ли Лицзюн ұрланған балаларды да ұстауы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр. Балаларды жалпыхалықтық балаларды іздестіру ақпараттық жүйесі арқылы тексеру үшін тәрбиленушілердің қандары мен саусақ іздерінің үлгілері алынды.

Басылымның хабарлауынша, Ли Лицзюннің тұтқындалуы халықты таңғалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1733675-kytajda-118-balany-asyrap-algan-jel-ttkynga-alyndy/

pixel