RU
Шымкентте бұрынғы шенеунік 430 миллион теңге жымқырған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бұрынғы шенеунік 430 миллион теңге жымқырған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 430 миллионды жымқыру бойынша сот процесі жалғасуда. Басты күдікті жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбеков болып отыр. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото Today.kz

Көрнекі фото Today.kz

Бұрынғы шенеунік ұрлаған қаржы мемлекеттік бюджеттен баспанасыз жүргендер үшін бөлінген.

Жамалбеков өткен жылдың қыс айынан бері тергеуден қашып жүр. Қазір оған халықаралық іздеу жарияланған.

Судья Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, бүгінде осы іске қатысты жүзге тарта куәгерден жауап алынған. Енді тағы 1700 адамнан жауап алынады екен.

Тергеушілер бухгалтерлік құжаттар мен басқа да айғақтарды тексеретін болады. Ол үшін 2-3 ай уақыт кетеді дейді судья.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір