RU

Альварестің промоутері Головкинмен жекпе-жек қашан өтетінін айтып қойды

Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойяның боксшы Шугар Рэй Леонардомен құпия әңгімесі жалпақ жұртқа жария болды. Ол әңгіме барысында Геннадий Головкинмен жекпе-жек қашан өтетінін айтып қойған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауль Альварес, Геннадий Головкин. Фото: Sport.bigmir.net
Сауль Альварес, Геннадий Головкин. Фото: Sport.bigmir.net: UGC

Тілшілер Де ла Хойяның боксшымен әңгімесін естіп қойған деп жазады Villainfy Media.

"Жекпе-жек қыркүйекте өтеді. Біз келіссөздерді аяқтауға шақ қалдық", - дейді промоутер боксшыға.

Еске салсақ, жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін екені бұған дейін хабарланған болатын. ESPN телеарнасының мәліметіне сенсек, Головкин-Альварес жекпе-жегі қыркүйектің 15-де Лас-Вегаста өтеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733682-alvaresti-promouteri-golovkinmen-zekpe-zek-kasan-tetinin-ajtyp-kojdy.html