RU
ОҚО-да үй тонаған ұрылар бес миллионның косметикасын қолды қылды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да үй тонаған ұрылар бес миллионның косметикасын қолды қылды

Рассказать Вконтакте

Түркістан тұрғынының үйінен бес миллион теңгенің косметикасын ұрлап кеткен ұрылар ұсталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Knews.kg

Фото: Knews.kg

Үй тонаушылар косметиканы қолды етіп, оңай олжаға кенелгісі келген. Жергілікті тұрғын полицейлерге түнгі уақытта үйіне ұры түскенін айтып, бес миллион теңгеге жуық тұратын әйелдер косметикасын, қыстық шуба мен тұрмыстық техникаларын ұрлап кеткені жайлы шағым түсірген.

Жалпы шығын көлемі алты миллион теңгеден асады. Өзгенің мүлкін қолды еткендер ақыры ұсталды. Олар 30-35 жас аралығындағы жергілікті жұмыссыз азаматтар болып шықты.

ОҚО ішкі істер депатаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілердің осы уақытқа дейін 13 пәтерді тонағаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі сегіз миллион теңгені құрап отыр.

Үй тонаушылар ұрлау операциясын түнгі уақытта жүзеге асырып келіпті. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір