RU

Әншілерге "Рухани жаңғыру" жүлдесін берген жетісайлықтар күлкіге қалды

Жетісайда "Мырзашөл жұлдыздары" атты ән байқауы соңғы 23 жылдан соң қайта өтті. Өнер додасында облыстан 20 жас әнші қатысты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әншілерге "Рухани жаңғыру" атты жүлде берген жетісайлықтар күлкіге қалды
Әншілерге "Рухани жаңғыру" атты жүлде берген жетісайлықтар күлкіге қалды: UGC

Ешбір қатысушының жүлдесіз қалмауын ойлаған ұйымдастырушылар талант иелеріне түрлі номинация бойынша қаржылай сыйлықты үлестіріп берді.

Тіпті сыйлықа ие болғандар арасында "Мәңгілік ел", "Рухани жаңғыру" жүлдесін алғандар да болды.

Байқау қорытындысымен бас жүлдені мақтаралдық Әріпхан Нұрислам иеленіп, оған 1 млн теңге табысталды.

Ал І орын шымкенттік "Сарын" тобына, ІІ орын Ордабасы ауданының тұрғыны Айнұр Аубакироваға бұйырды.

ІІІ орынды шардаралық Жандос Әшірбеков пен түркістандық Біржан Сапарбекова ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733686-nsilerge-ruhani-zagyru-zldesin-bergen-zetisajlyktar-klkige-kaldy.html