RU
Мохамед Салах Чемпиондар Лигасының финалына бола оразасын бұзбайды
Жаңалықтар Спорт

Мохамед Салах Чемпиондар Лигасының финалына бола оразасын бұзбайды

Рассказать Вконтакте

Чемпиондар Лигасының финалдық матчы қарсаңында "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах Рамазан айына байланысты аузын бекітуді жалғастыра береді. Бұл туралы Eurosport сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Телеканал Футбол

Фото: Телеканал Футбол

Ауыз бекіткен мұсылмандарға күн батқанға дейін тамақ пен су ішуге болмайды. Салах Чемпиондар Лигасының финалы күні 18 сағаттық оразасын ұстап, тек матч басталарына бір жарым сағат қалғанда ғана тамақтанатын болады.

Осыған дейін, Египет футбол ассоциациясының басшысы Хани Абу Рида Египет құрамасының футболистеріне міндетті оразаны ұстамауларына өтінетінін айтқан болатын. Себебі бұл Әлем Чемпионатына дайындық барысында теріс әсерін тигізуі мүмкін.

«Реал» – «Ливерпуль» чемпиондар Лигасының финалы Киевте Қазақстан уақыты бойынша 27 мамырға қараған түні болады. Басталуы - 00:45. Қасиетті Рамазан айы Әлем чемпионаты басталар күні, яғни 14 маусым күні аяқталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
3
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір