RU
Анасы 13 жастағы қызын Пакистандық азаматқа күйеуге тигізіп жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Анасы 13 жастағы қызын Пакистандық азаматқа күйеуге тигізіп жіберген

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда туған қызын Пәкістанға алдап жіберіп, мәжбүрлі түрде өзінен екі есе үлкен ер адамға тұрмысқа берген әйел сотталды деп хабарлайды Reuters сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Газета Я

Фото: Газета Я

Іс құжаттарына сәйкес, 13 жастағы қыз Пәкістанға барып, болашақ күйеуімен некелескен. Сол кезде 29 жастағы ер адам онымен төсек қатынасында болады. Қыз жүкті болып, амалсыз баланы алдыртып тастап, кейін қайтадан Ұлыбританияға қайтқан.

2016 жылы анасы 18 жасқа толған қызын қайтадан Пәкістанға апарады. Содан соң бұрын некеде болған ер азаматқа тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген.

Бойжеткен некелесуді қаламайтынын жеткізгенде анасы оны соққыға жығып, куәлігін жағып жіберетінін айтып қорқытады.

Оқиғаның мән-жайы британиялық билік өкілдеріне жетіп, Жоғары сот қыздың елге оралуын міндеттеген. Анасы қызына болған жайтты біреуге айтып қоятын болса, оған қарсы қара магияны қолданатынын ескертеді.

Алайда, қызына қастандық жасаған ана үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
5
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel