RU

Менингококк инфекциясы бойынша дәрігерге қаралғандар саны 51 адамға жетті

Алматы қаласында тараған менингококк инфекциясын жұқтырып алдым ба деп күдіктенген төрт адам ауруханада тексерістен өткен. Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: nebolet.com
Көрнекі фото: nebolet.com: UGC

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 19 мамырында Алматы қаласында менингококкты инфекция таралуының 15 жағдайы тіркелген. Оның ішінде екі ересек адам мен бір кішкентай бала қайтыс болған.

Осыған орай, NUR.KZ порталы жылдам таралатын аурудан сақтанудың жолдарын жазған болатын.

Ал қазіргі таңда Оңтүстік астанада менингококк инфекциясы бойынша дәрігерге қаралғандар саны 51 адамға жетті. Оның ішінде 21 азаматта менингококк инфекциясы анықталған. Он бесінде расталмады. Бүгінде 11 азамат дәрігерлер бақылауында жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733715-meningokokk-infekciasy-bojynsa-drigerge-karalgandar-sany-51-adamga-zetti.html