RU

Кептелістен қашу үшін жұмысына жүзіп баратын жігіт елді таңырқатты (фото)

Бенджамин Дэвид есімді жігіт кептелістен мезі болғаны соншалық, жұмысына күнде жүзіп баруды әдетке айналдырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дэвид. Фото: fishki.net
Дэвид. Фото: fishki.net: UGC

Ол жұмысқа жету үшін заттарын арнайы су өтпейтін қапқа салып, Мюнхендегі Изар өзенін жүзіп өтеді. Кешке үйіне қайтарда да өзенге сүңгитін азамат күніне шамамен екі шақырым қашықтықты еңсереді екен.

Дэвид. Фото: fishki.net
Дэвид. Фото: fishki.net: UGC

Бенджамин суық ауа райында гидрокостюм киіп алады. Ер адам өңірде бұл әдетімен танымал болғаны соншалық, оның жүзген сәтін жұрт арнайы тамашалауға келіп тұрады.

Дэвид. Фото: fishki.net
Дэвид. Фото: fishki.net: UGC

Дэвид. Фото: fishki.net
Дэвид. Фото: fishki.net: UGC

Дэвид. Фото: fishki.net
Дэвид. Фото: fishki.net: UGC

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733724-keptelisten-kasu-sin-zmysyna-zzip-baratyn-zigit-eldi-tayrkatty-foto.html