RU

Майкл Джексонның ерекше би қимылының құпиясы ашылды (фото)

Үндістандық нейрохирургтар Майкл Джексонның "Smooth Criminal" клипіндегі танымал би қимылының физикалық жағын зерттеп шықты деп хабарлайды bbc.com сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kulturologia.ru
Фото: kulturologia.ru: UGC

Ғалымдардың айтуынша, қарапайым биші өзінің омыртқасына зақым келместей бұл биді қайталай алмайды екен.

"Тартылыс туралы заңды бұзатын" би қимылының түсірілімі барысында Майкл арқасын тік ұстап тұрып, 45 градус бұрышқа дейін еңкеюге мүмкіндігі болған. Қимыл барысында тірек ретінде бар салмақты тек табан буындарына салған.

Фото: MANJUL TRIPATHI
Фото: MANJUL TRIPATHI: UGC

Клиптің түсірілімі кезінде әншіге тросстар бекітілген. Концерттерде ол арнайы әзірленген етіктермен өзінің өнерін көрсетуді жалғастыра берген. 1993 жылы әншінің атына патенттелген сол туфлилердің каблугында үшбұрышты сызық болған. Оған еденге жасақталған металл ілгіші мен тесігі салынатын.

"Арнайы аяқ киім киіп алсаңыз да, бұл қимылды қайталау қиынға соғады. Себебі аяқтардың постуралды буындары мен буын корсеті, омыртқа буындары өте мықты болуы керек", - дейді ғалымдар өз еңбектерінде.
Фото: MANJUL TRIPATHI
Фото: MANJUL TRIPATHI: UGC

Қарапайым адам қатты тырысқанның өзінде тек 20 яки 30 градусқа ғана еңкеюге мүмкіндігі бар екен.

Ғалымдардың айтуынша, "поп-музыка королінің" би қимылдары травматология саласындағы жаңа зерттеулерге түрткі болды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733726-majkl-dzeksonny-erekse-bi-kimylyny-kpiasy-asyldy-foto.html