RU
Ақтөбеде 15 жастағы қызды үйіне алдап әкеліп зорлаған жігіт бостандықта жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 15 жастағы қызды үйіне алдап әкеліп зорлаған жігіт бостандықта жүр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны көмек сұрайды. Айтуынша, 15 жастағы қызын зорлап кеткен жігіт жазаланбай отыр. Істің тергеліп жатқанына бір жыл болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік әйел 15 жастағы қызын желіде танысқан жігіт зорлап кеткенін айтты

Ақтөбелік әйел 15 жастағы қызын желіде танысқан жігіт зорлап кеткенін айтты

"Істің қазір қандай деңгейде екенін білмейміз. Біз баланың алдына екі рет бардық. Прокурордың өзі оны қамайтындарын айтты. Бірақ қызымды зорлаған балаға ешқандай шара қолданылған жоқ.

Қызым осы оқиға болар кезде 15 жаста болды. Қызымның психологиялық жағдайы өзгерді. Ашуланшақ болып кетті. Шай ішіп отырғанда тұрып кетіп, кез келген нәрсені көңіліне алады", - дейді анасы Нұрбибі Кенжебаева.

Зәбірленуші жақтың айтуынша, жала қазір өздеріне жабылып жатыр.

"Оқиға болған кезде жолдасыма әкесі хабарласты. Келісейік деп ақша беретіндерін айтқан. Ал қазіргі таңда ақшаны өздерің сұрадыңдар деп жала жауып жатыр.

Балалар алғашында «ВК» желісі арқылы танысқан. Жігіт қызымды алдап үйіне қонаққа шақырыпты. Үйде құрбысының да болатынын айтқан. Бірақ үйінде інілерінен басқа ешкім болмаған. 15 жастағы қызымның зорланғанын айтып бармаған жерім жоқ.

Оқиғаның болғанына бір жыл болады. Біз әлі әділдікке жете алмай сенделіп жүрміз. Экспертиза жасалғанда қызымның іш киімінен баланың спермасы табылды. Одан артық не керек?

Кәмелет жасқа толмаған баланы төсек қатынасына тартқан. Қызымның мойнындағы іздер туралы ештеңе айтылмайды. Бала жазасын алу керек деп ойлаймыз. Істі прокурорлар сотқа жібермей жатыр", - дейді анасы.

Істі тергеген прокурорлар 15 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіттің әлеуметтік желі арқылы әлі сөйлесіп жүргенін айтқан.

"Алғашында қыздарыңды аламыз, оқуға түсіреміз. Балалар үйленеді, Абайдағы үйімізді береміз, тек баламызды соттата көрме" деп жалынған болатын. Олар сол ақшаларын тергеудегілерге беріп қойған. Жігіт қызыма бір жылдан кейін тағы үйленемін деп хат жазып жүр. Қызым керек емес деп отыр. Сонда олар бізді мазақ қылып отыр ма?",-дейді анасы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
15
7
3
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel