RU
Қарағандылық дәрігерлер жаңа туған төртемнің өмірін сақтап қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық дәрігерлер жаңа туған төртемнің өмірін сақтап қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғыны төртемді дүниеге алып келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Регина Горх облыстық периниталдық орталыққа жүктілігінің 28-аптасында түскен. Ол перзентханаға ауыр халде келгенімен, білікті акушер-гинеколог мамандардың арқасында жүктілігін 31-аптаға дейін созуға мүмкіндік алған.

"Балалар жатырда толық дамып, жетілуі үшін уақытылы босануы маңызды болды", - дейді Сәуле Аманбекова.

Әйел төрт баласын кесер тілігі арқылы босанған. Сәуле Аманбекованың айтуынша, бұл күнде кездесе бермейтін жағдай болса да, кезекші неонатолог мамандар жақсы көмек көрсетіпті.

"Балалар шала туылып, салмақтары өте аз болғанына қарамастан, жақсы жетілген. Оларға медициналық көмек көрсету керек болды. Бір айға жуық сәбилер интенсивті терапия бөлімінде жатып, дәрігерлер тобы олардың өмірін аман алып қалу үшін барын салды", - дейді Сәуле Аманбекова.

Балаларды әрмен қарай патология бөліміне ауыстырған. Онда сәбилердің әкесі аса қамқорлық танытып, барынша көмек көрсетіпті.

"Жолдасым күні-түні балалардың жанынан кетпеді. Қатты уайымдадық. Бірақ дәрігерлердің арқасында менің балаларым аман өсіп келеді", - деді Регина Горх.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel