RU
Өскеменде құрбысымен сыра ішуге барған қыз ауруханадан бір-ақ шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде құрбысымен сыра ішуге барған қыз ауруханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Өскеменде жұмыс күні аяқталысымен кафелердің біріне сыра ішуге барған құрбылар белгісіз азаматтан таяқ жеп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Біраз уақыт өткесін оларға көрші үстелде отырған ер адам жақындап, танысуға бел байлағанымен қоймай, "әурет" жерлерін ұстауға өтініш білдіреді.

Бойжеткендер қарсылық танытқаннан кейін ер адам кетіп қалады. Алайда біраз уақыт өткесін тағы да келеді. Бірақ оның мақсаты орындалмайды.

Ашуланған ер адам бойжеткендердің бірінің басына сыраны құйып жіберіп, екіншісінің басын сыра саптыаяғымен ұрып жібереді.

Бойжеткендердің бірі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жабық бас сүйегінің жарақатын, оң жақтағы бас сүйегінің сынығын, орта деңгейдегі бас миының зақымдалғанын анықтады.

Қалалық №2 сотта қаралған мәселе бойынша ер адам 5 жыл бас бостандығынан айырылып, денсаулығына келтірген зиянды өтеу үшін бойжеткенге бір жарым миллион теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel