RU
Оралда бұрынғы күйеу баласы атып тастаған 66 жастағы қария қайтыс болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда бұрынғы күйеу баласы атып тастаған 66 жастағы қария қайтыс болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Оралдағы көпсалалы аурухана қабырғасында туған күйеубаласы пышақтап тастаған 66 жастағы Раниль Абдрахманов қайтыс болды. Дәрігерлер екі апта бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, аман алып қалу мүмкін болмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оралда бұрынғы күйеубаласы атып тастаған 66 жастағы ер адам қайтыс болды

Оралда бұрынғы күйеубаласы атып тастаған 66 жастағы ер адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау басқармасында оған екі күрделі ота жасалған. Раниль Абдрахмановтың іш құрылысына зақым келіпті.

«24 мамыр күні түнгі сағат бірде зардап шеккен азамат қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 10 мамыр күні сағат 20:00 шамасында "Строитель" шағынауданында 60 жастағы Ғалия Абдрахманова мен оның күйеуі Раниль Абдрахмановты біреу атып кеткен. Әйел адам оқиға орнында қайтыс болса, күйеуі Ранильді ауыр халде ауруханаға алып кеткен болатын. Ерлі-зайыптының қызы Надия Давлетшина шолақ мылтықтан оқ жаудырған кісі өзінің бұрынғы күйеуі - Рустам екенін айтқан. Ол бұл қылмысты жеті жасар ұлының көзінше жасаған.

Оралда бұрынғы күйеубаласы атып тастаған 66 жастағы ер адам қайтыс болды

Оралда бұрынғы күйеубаласы атып тастаған 66 жастағы ер адам қайтыс болды

Қазіргі таңда Рустам Давлетшин 2 ай мерзімге қамауға алынып, "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
8
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір