RU
Африкадағы ең соңғы монарх елінің атауын өзгертіп жіберді (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Африкадағы ең соңғы монарх елінің атауын өзгертіп жіберді (фото)

Рассказать Вконтакте

Африкадағы ең соңғы абсолютті монарх Свазиленда Мсвати ІІІ елінің атауын Эсватини Корольдігі деп ауыстырды. Бұл туралы Reuters сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: EADaily

Фото: EADaily

Король бұл туралы свази халқы тәуелсіздігінің 50 жылдығы мен өзінің 50 жас мерейтойына арналған салтанатты шара барысында айтқан. Ел атауын ауыстырудың себебін түсірген корольдің айтуынша, оларды қайда барса да, елдің бәрі Швейцария деп атайды екен (Swaziland — Switzerland).

Фото: АиФ

Фото: АиФ

Эсватини Африканың оңтүстігінде, ОАР мен Мозамбиктің арасында орналасқан. Корольдік өзінің тәуелсіздігін Ұлыбританиядан 1968 жылы алған. Халқының саны шамамен 1,35 миллион халықты құрайды (бұл ақпарат нақты болмауы мүмкін).

Елдегі ересек тұрғындардың төрттен бір бөлігі иммунодефицит вирусын жұқтырған.

Independent Online ақпаратына сүйенсек, 2013 жылы Мсвати ІІІ өзіне кезекті жарын таңдаған. Сән байқауының финалисті 18 жастағы Синдисва Дламини корольдің 15 әйелі болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel