RU
Азартына кіріп кеттім: Құмар ойынның құлына айналған азамат жан сырымен бөлісті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Азартына кіріп кеттім: Құмар ойынның құлына айналған азамат жан сырымен бөлісті (видео)

Рассказать Вконтакте

Құмар ойынның құлына айналып, қалтасындағы барын ойын автоматтарына салған азамат өзінің жан сырымен бөлісті. Ол өз қаржысын тауысып, анасының алтындарына да қол салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: healthvesti.com

Фото: healthvesti.com

"Өз ойым" бағдарламасына келген кейіпкер 16 жасынан бастап құмар ойын жетегінде жүргенін айтты. Ол алғашында алты-жеті мың теңгеден бастап, ақыр соңы екі миллион теңгеге дейін ақша құртатын жағдайға жеткен.

"Үйдегілер "Әбден шаршаттың бізді, қойсай. Қашан адам боласың?" дейді. Әкемнен бір-екі рет таяқ та жедім. Қыздармен де жүрмеймін. Осы ойынның азартына кіріп кеттім", – деді Айбек "Өз ойым" бағдарламасында.

Сондай-ақ Айбек құмар ойынның құрығынан құтылып, түзу жолға түскісі келетінін де жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір