RU
Миын тыныштандырады: Билік сиырларға арнап Құран оқуды ұсынды
Жаңалықтар Әлемде

Миын тыныштандырады: Билік сиырларға арнап Құран оқуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Малайзияның Келантан штатында жергілікті билік сиырларға арнап қоғамдық Құран оқуды ұсынды. Бұл туралы Channel News Asia сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: novostionline.net

Фото: novostionline.net

"Құран оқу адамдардың миын тыныштандырады. Сондықтан, біздің ойымызша, қасиетті кітапты сиырларға арнап оқу ет сапасын жақсартады", - деді өз сөзінде жергілікті билік өкілдерінің бірі Че Абдулла Мат Нави (Che Abdullah Mat Nawi).

Оның айтуынша, аталмыш ұсыныс тек фермерлерге арналған, бұл - ресми мәлімдеме емес.

Келантандағы жергілікті басқару Бүкілмалайзиялық ислам партиясына тиесілі. Олар бұрын да ерекше ұсыныстар айтатын. Мысал үшін ұрлық істегендердің қол-аяқтарын шауып, көзіне шөп салғандарды таспен атуды ұсынған болатын.

Channel News Asia хабарлауынша, 2015 жылы штаттың үлкен жиналысы шариғат заңдарын қолдануға рұқсат берді.

Исламда жануарларға ерекше көңіл бөлінген. Тіпті олардың аттарымен сүрелер де аталған. Мысалы, "Сиыр", "Мал", "Піл".

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel