RU
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде топ жарды
Жаңалықтар Қоғам

Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінде топ жарды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хоххот қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде Елдос Сметов чемпион атанды деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге шыққан отандасымыз ресейлік Роберт Мшиводабадзені "иппон" әдісімен жеңсе, келесі айналымда жапондық Юма Ошиманы "ваззари" ұпайымен тізе бүктірді.

Ал жартылай финалда Сметов бразилиялық жас талант Фелипе Пелимнен есе қайтарды. Айта кетейік, Дюссельдорфта өткен Гран-при турнирінде Елдос Фелипеден ұтылып қалған еді.

Бүгін 60 келіде татамиға Елдос Сметовтен бөлек Ғұсман Қырғызбаев, 66 келідегі Елдос Жұмақанов шықты.

Ғұсман бірінші белдесуіне Солтүстік Корея спортшысын жеңсе, екінші айналымда 2014 жылғы әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды таза ұтты. Жартылай финалда тағы бір моңғолиялық балуан Амартувшин Дашдава Қырғызбаевтан айласын асыра алған жоқ.

Осылайша, финалда қазақтың қос балуына жолыққан болатын. Санаулы секундқа созылған финалдық бәсекеде Елдос Сметов "иппон" әдісін орындап, Хоххоттағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Елдос Екатеринбургтегі "Үлкен дулыға" турнирінде топ жарған болатын.

Хоххоттағы турнирге әлемнің 49 елінен 400-ге жуық спортшы қатысуда. Аталған Гран-при додасынан бастап Токио Олимпиадасына ұпай жинау кезеңі басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel