RU
Швецияда жыныстық қатынасқа түсу үшін енді ресми рұқсат алу керек
Жаңалықтар Әлемде

Швецияда жыныстық қатынасқа түсу үшін енді ресми рұқсат алу керек

Рассказать Вконтакте

Швед парламенті ел тұрғындарына жыныстық қатынасқа түсу үшін алдын ала рұқсат алуға міндеттейтін заң қабылдады. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото.

Көрнекі фото.

"Жыныстық қатынас келісілген түрде болу керек. Олай болмаған жағдайда мұндай әрекет зорлау деп танылады", - делінген хабарламада.

Заң нақты вербалды немесе физикалық келісімді алуды көздейді және елдегі сексуалды қылмыстарды азайтуға үлес қоспақ. Швеция жыныстық қатынасты рұқсатпен заңдастырған Еуропадағы 10 мемлекет.

"Заманауи заң бүгінгі қатынастар негізінде жасалған. Сізбен бірге қатынасқа түсетін адамның шынымен де соған келісіп тұрғанына сенімді болған абзал. Бұл идея Швецияның барлық ерлері мен ұлдарының санасында қалыптасуы керек", - деді өз сөзінде әділет және миграция министрі Морган Юханссон.

Бірінші шілде, яғни заң өз күшіне енген күннен бастап арыз берушілер нақты рұқсаттың берілмегенін дәлелдеуі керек болады. Ал, алдыңғы заңға сәйкес, прокурорлар зәбір көргендердің қандай жағдайда жапа шеккенін, зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоқтығын тексеруге міндетті болатын.

Жыл сайынғы зерттеулерге сәйкес, Швецияның ересек халқының 2,4 пайызы зорлыққа ұшырайды. Сексуалды зорлықтан жапа шеккендердің саны 2012 жылдан бері үш есеге дейін өскен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel