Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маған кешірім жоқ: Туған қызын еш себепсіз өлтірген әке өзегін өртеген өкінішпен бөлісті

Опубликовано:

Қостанайда Оксана Клепикова есімді жас қыздың өліміне байлынысты сот отырысы өтті деп хабарлайды Костанайские новости басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Костанайские новости
Фото: Костанайские новости: UGC

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қостанай қаласында Сергей Клепиков есімді азамат өзінің 16 жастағы қызына пышақ сұғып өлтірген. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша арнайы сот отырысында істің мән-жайы қарастырылды.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Максим Ястребов айыпталушыдан сол күнгі оқиғаны еске түсіруін сұрады.

"Мен үйге кешкі тоғыздарға таман келдім. Екінші қабаттағы бөлмеме көтеріліп, маңызды ештеңе істемедім. Не болғанын білмеймін, ас үйге барып, пышақты алдым да, қызым болған жуыну бөлмесіне бардым. Арқасы мен кеуде тұсына пышақ сұқтым. Кейін сабама түсіп, өзімнің денеме де жарақаттар келтірдім. Маған кешірім жоқ. Өзімді өлтіргім келді", - деді өз сөзінде Сергей Клепиков.

Айыпталушы өз сөзінде қолымен істеген әрекеттеріне жауап бере алмағанын, не мақсатта қызын өлтіргенін білмейтінін алға тартты. Қайтыс болған Оксананың тәтесі әкесі қызын қатты жақсы көргендігін жеткізді. 100 мың теңгелік айлығы бола тұра, қызына кредитке Айфон-7 алып берген болатын.

Фото: Костанайские новости
Фото: Костанайские новости: UGC
"Сіз еш кінәсі жоқ баланы өлтіргеніңізді білесіз бе? Оның өмірі алда болатын. Мұғалімдері де мақтап жатыр. Өзі спортпен де шұғылданыпты. Қалайша балаңызды себепсіз өлтірдіңіз?", - деді эмоцияларын әрең тежей білген судья.
"Жауап бере алмаймын...Білмеймін...", - деп Сергей өз сөзін қайталай берді.

Жасаған қылмысы үшін айыпталушы Сергей Клепиков 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1733801-magan-kesirim-zok-tugan-kyzyn-es-sebepsiz-ltirgen-ke-zegin-rtegen-kinispen-blisti/

pixel