RU
Әккі ұрылар әшекей дүкенін небәрі 27 секундта тонап кетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Әккі ұрылар әшекей дүкенін небәрі 27 секундта тонап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Гонкогта бұрын-соңды болмаған тонау операциясы орын алды. Белгісіз біреулер қаланың қақ ортасында орналасқан әшекейлер дүкенінен құны 5 миллион долларды құрайтын бұйымдарды ұрлап кетті. Өз тонау әрекеттерін олар бар-жоғы 27 секундта аяқтаған деп хабарлайды bigmir.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кәсіби ұрылар әшекейлер дүкенін бар-жоғы 27 секундта тонап кеткен

Кәсіби ұрылар әшекейлер дүкенін бар-жоғы 27 секундта тонап кеткен

23 мамыр күні сағат 19:00 шамасында әшекейлер дүкеніне баса көктеп кірген ұрылар, бес миллион доллар тұратын қымбат бұйымдарды алып кеткен.

Оқиға орнынан түсірілген видеожазбада қылмыскердің бірі қызметкерлерді пышақпен қорқытып жатқанда, екіншісі ілініп тұрған ішекейлерді ұрлап сөмкеге салғаны байқалады.

Ұрылар екі әшекей, алқа, бірнеше сақина және тағы бірқатар қымбат бұйымдарды қолды еткен.

Ең қызығы ұрлықтың бәрі қылмыскерлердің тек 27 секунд алған. Өз әрекеттерін бір минутқа жетпей-ақ аяқтаған ұрылар, бірден оқиға орнынан тайып тұрды. Оларды әлі де тапқан жоқ.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, кінәлі адамдарды іздестіру шараларын белсенді түрде бастап кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel