RU

Қымбат көліктермен серуендеген шымкенттік түлектер елді өзіне қаратты (фото)

Шымкентте қымбат көлік мініп, кортежбен серуендеген түлектер елді назарын аударды. Соңғы қоңырау салтанатынан кейін оқушылар қаланың көрікті жерін аралаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Кортежге жалдаған шымкенттік оқушылардың қымбат көліктері бірден көзге түседі. Түлектер лимузин, джип сынды бағалы көліктермен сауық сайран құрып жүр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қаланың түлектері әр жыл сайын соңғы қоңырау күнін думандата тойлауды әдетке айналдырған. Алайда түлектердің қауіпсіздігіне алаңдаған шенеуніктер түлектерге кортежбен жүріп, асыр салуды тыйым салған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Оқушылардың қауіпсіздігі үшін қазір жол сақшылары көшелердің бойын күзетіп жүр. Бітіруші түлектердің кортежі кезінде жол ережесін бұзған алты көлік айып тұрағына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733819-kymbat-kliktermen-seruendegen-symkenttik-tlekter-eldi-zine-karatty-foto.html