RU
Танымал сенегалдық ойыншының ауылдастары футбол көру үшін жұмыстан қалмақшы
Жаңалықтар Спорт

Танымал сенегалдық ойыншының ауылдастары футбол көру үшін жұмыстан қалмақшы

Рассказать Вконтакте

"Ливерпуль" шабуылшысы Садио Мане Сенегалда тұратын өзінің жанкүйерлері туралы айтып берді. Олар чемпиондар Лигасының финалы кезінде команда және Садио үшін барынша қолдау білдіреді деп хабарлайды eurosport.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото.

Фото.

"Мен "Ливерпульдің" 300 жейдесін сатып алып, туған жерім Бамбалида тұратын ауылдастарыма жөнелттім. Енді жанкүйерлерім финалды қызыл жейде киіп көретін болады. Әлі күнге шейін менің отбасым ауылда тұрады. Барлығы матчты асыға күтуде. 26 мамыр күні менің ауылымда ешкім жұмыс істемейтін болады", - деді Садио.

"Ливерпуль" мен "Реал" арасында өтетін чемпиондар Лигасының финалы 26 мамыр күні өтеді. Басталуы - 00:45.

Садио Мане 2017/2018 жылдардағы әлем чемпионаттарында 12 матч өткізіп, тоғыз доп соққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір