RU
Шымкентте бүтін бір отбасын қырған ер адам жантүршігерлік қылмысқа қалай барған? +16
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте бүтін бір отбасын қырған ер адам жантүршігерлік қылмысқа қалай барған? +16

Рассказать Вконтакте

Шымкентте досының отбасын тапа тал түсте түгел жайратып тастаған сотталушының үшеуді қалай өлтіргенін прокурор баяндады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

"Олег күндізгі 14-00 шамасында досының үйіне келгенде есікті 13 жасар Денис ашқан. Ештеңеден күдіктенбеген балақай ағасының арампиғылды досын үйіне кіргізген. Күдікті жылқының темір мүсінін алып жасөспірімнің басынан бірнеше рет ұрған. Қатты соққылардан сұлап түскен 13 жасар баланың басына пакет кигізіп, мойын тұсын скотчпен жабыстырып қойған. Қаны қарайған күдікті сөйтіп жасөспірімді қылқындырған. Өлтіріп, денесін диванның артына тығып қойған", - дейді сот залында айыптау парағын оқыған процесс прокуроры Берік Ыбышев.

Сот материалдарына сәйкес, ол мұнымен қоймай, келесі құрбанын күтеді. Жұмыстан қайтқан 50 жастағы Марияны да сол мүсіншемен ұрып құлатқан.

Марияны өлтіргеніне көзі жеткен күдікті жансыз денені бөлменің сол бұрышындағы диванға жатқызып, үстіне көрпе жауып қойған. Сөйтіп отбасының үшінші құрбанын күткен. Жарты сағат өтер өтпесте күдіктінің досы қамсыз үйге кіріп келген. Оны да бастан ұрып өлтірген. Сөйтіп, үйден 50 мың теңге, марқұм болған ағалы-інілінің екі мобильді телефонын және компьютерін алып кеткен.

Аталған қылмыстық іске қатысты бірінші сот процесі Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, Шымкентте биылғы жылдың ақпан айында бүтін бір отбасының мәйіті табылып, бұл жаңалық елді дүрліктірген еді. Кейін белгілі болғандай марқұмдар 50 жастағы анасы мен оның екі ұлы болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
12
2
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір