RU
Демалыс күндері нөсер жаңбыр жауып, күн қайтадан суытады
Жаңалықтар Қоғам

Демалыс күндері нөсер жаңбыр жауып, күн қайтадан суытады

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК 26-28 мамыр демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Демлыс күндері

Демлыс күндері

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жаңбыр жауып, температура төмендейді.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Баренцево теңізі ауданынан суық және ылғалды ауа массаларының келуі жалғасады. Бұл атмосфералық фронттар республиканың көптеген облыстарына жауын-шашын әкеліп, кей жерлерде қатты жаңбыр жаудырып, күн күркіретіп, дауылды жел соқтырады. Ауа температурасы, қысқа мерзімді жоғарылағаннан кейін, қайтадан алдымен солтүстікте төмендей бастайды, ал дүйсенбі күні суық ауа массалары Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына келіп жететін болады", - дейді мамандар.

Сонымен қатар синоптиктер Астана, Алматы қалаларында және еліміздің бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялады.

26-27 мамырда Ақмола облысында онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде желдің екпіні кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астанада 26-27 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, онтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, 15-20 м/с, күндіз 26-27 мамырда екпіні 25 м/с.

26 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, аймақтың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с жел күтіледі.

26 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Петропавлда 26 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жаңбыр, күндіз қатты, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

27-28 мамырда Алматы облысы мен Алматы қаласында, 28 мамырда Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының өзендерінде нөсер жаңбырға байланысты су тасқыны мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір