RU
Еліміздің бас мүфтиі Ресейдің ең үлкен мешітінде уағыз айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бас мүфтиі Ресейдің ең үлкен мешітінде уағыз айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресейдегі ресми сапары барысында ең үлкен мешітте "Рамазан және мұсылман үмбетінің бірлігі" тақырыбында уағыз айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

"Қадірлі бауырлар, әпке-қарындастарым! Рамазан – тақуалық пен тәрбиенің, қайырымдылық пен мейірімнің айы. Бұл айда Аллаға ұнамды әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: "Сендердің араларыңда ең жақсыларың – халыққа, қауымға пайдасын тигізгендерің", – деген.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Осы айда халыққа барынша пайдамызды тигізіп, көмегімізді көрсеткеніміз абзал. Рамазан – бірліктің айы. Ауызашар дастарханы барша адамзатты тілі мен тегіне бөлмей, бірлікке үндейді. Алла Тағала қасиетті Құранда күллі адам баласына бөлінбеуді бұйырған. Құрметті жамағат, Жаратушы Иеміз ұстаған оразамызды қабыл етіп, шынайы ниетпен жасаған әрбір қайырлы амалдарымызға мол сауаптан жазғай", – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Айта кетейік, Мәскеу Собор мешітінде бір мезетте 15 мың адам құлшылық ете алады.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір