RU
Ауа-райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа-райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, дауыл болады. Сондай-ақ жел күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: kazhydromet.kz

Фото: kazhydromet.kz

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, Батыс Қазақстан облысында шаңды дауылмен күшеюі күтіледі.

Ақтөбе облысында жел 15-22 м/с күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-22, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel