RU
Оралда "Европа" кафесі жанып кетті (фото, видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда "Европа" кафесі жанып кетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында "Европа" дәмханасы өртеніп кетті. Қызыл жалын шамамен 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспсөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Кафедегі өрт 25 мамыр күні, сағат 21:53-те басталған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Өрттің шығуына себеп болған алдын ала болжам бойынша элктр қоныдрғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Эвакуация жасалмады, өрттен зардап шеккендер жоқ", - дейді төтеншеліктер.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы қоңырау келіп түсе салысымен, өрт сөндірушілер дереу көмекке келген. Алайда қалада жел болып тұрғандықтан, оны сөндіру біршама уақытқа созылыпты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Кафенің жанында тоғыз қабатты үй орналасқан. Ондағы тұрғындар дәмхананың заңсыз соғылғанын айтуда.

"Бұл кафе біздің үйдің жанында заңсыз тұр. Біз тіпті сотта да оны дәлелдеген болатынбыз. Қызыл жалын біздің үйге өтуі де мүмкін еді", - дейді тұрғын Марат Ардашев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір